date

Tecno Megabook S16 ноутбугы сатылымға шықты

Tecno Megabook S16 ноутбугы сатылымға шықты

Tecno бренді Ресей нарығында жаңа Megabook S16 ноутбугының сатылымға шыққанын жариялады. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл құрылғы мобильділік пен жоғары өнімділікті бағалайтын мамандар мен креативті тұлғаларға арналған жеңіл әрі қуатты шешім. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Ноутбук корпусы магний-алюминий қорытпасынан жасалған, 16 дюймдік экранға ие болғанына қарамастан, оның салмағы небәрі 1299 грамм, ал қалыңдығы 14,9 миллиметрді құрайды. Дисплей 1920x1200 пиксельді FHD рұқсатына және 16:10 арақатынасына ие.

Құрылғы Intel Core i9-13900HK процессорымен, 16 ГБ LPDDR5 жедел жадымен және 1 ТБ PCIe 3.0 SSD дискісімен жабдықталған. 75 Вт·сағ сыйымдылығы бар аккумулятор ұзақ уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ноутбукта DTS:X Ultra технологиясы бар динамиктер, жарықтандырылатын пернетақта және саусақ ізі сканері бар.

Tecno AI «Көмекші» функциясы жиналыстардың мазмұнын автоматты түрде қысқаша баяндап береді, ал «Галерея» жасанды интеллекті смартфондағы суреттерді синхрондайды. Tecno «PC Manager» қосымшасы файлдарды жылдам тасымалдауға және ортақ буферді пайдалануға мүмкіндік береді. Ноутбуктің бағасы 96 мың рубльді құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Tecno Megabook S16 ноутбугы сатылымға шықты