date

Еуропа интернет магистральдарын Солтүстік полюс арқылы өткізбек

Еуропа интернет магистральдарын Солтүстік полюс арқылы өткізбек

Еуропалық одақ Азия мен Еуропа арасындағы интернет байланысын қауіпсіз ету мақсатында Арктика арқылы жаңа суасты кабельдерін тарту мүмкіндігін қарастыруда. Қазіргі таңда жаһандық трафиктің шамамен 90 пайызы Таяу Шығыс пен Қызыл теңіз аймақтары арқылы өтеді, бұл аймақтағы геосаяси тұрақсыздыққа байланысты елеулі қауіп төндіреді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

The Verge басылымының хабарлауынша, талқыланып жатқан жобалардың бірі Polar Connect деп аталады. Ол Скандинавиядан Азияға тікелей Солтүстік полюс арқылы деректерді тасымалдау арнасын құруды көздейді. Балама нұсқа ретінде Канада жағалауындағы Солтүстік-батыс өткелі де қарастырылуда.

Жаңа бағыттарға көшу қажеттілігі Қызыл теңізде жиі орын алатын апаттармен байланысты. Атап айтқанда, хуситтердің шабуылдары мен кеме зәкірлерінің кабельдерді зақымдауы интернет байланысының ұзақ уақытқа үзілуіне себеп болуда. Мұндай ақауларды жою күрделі халықаралық келісімдерді талап етеді және айларға созылады.

Арктикалық жобаны жүзеге асыруда техникалық қиындықтар да бар. Мұздықтар мен айсбергтер суасты кабельдеріне үнемі қауіп төндіреді, сонымен қатар мұндай экстремалды жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мұзжарғыш кемелер жетіспейді. Бұған дейін Quintillion жобасында байқалған ақаулар бұл аймақта жұмыс істеудің қаншалықты күрделі екенін көрсеткен болатын.

Соған қарамастан, Еуропалық одақ бұл инфрақұрылымды стратегиялық резервтік жол ретінде қарастыруда. Сарапшылар жаңа байланыс желілерін іске қосуды 2030 жылға таман жоспарлап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Еуропа интернет магистральдарын Солтүстік полюс арқылы өткізбек