date

Өзбекстанның сыртқы қарызы 72 миллиард доллардан асты

Өзбекстанның сыртқы қарызы 72 миллиард доллардан асты

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстанның жалпы сыртқы қарызы 8,1 миллиард долларға артып, 72 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Орталық банкі өзінің төлем балансы мен халықаралық инвестициялық позициясы туралы мәліметтерді ұсынды.

Мемлекеттің сыртқы қарызы 36,8 миллиард долларға, ал корпоративтік сектордың қарызы 35,4 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткіштер елдің сыртқы экономикалық қызметінің өсуін және халықаралық қаржы нарығындағы орнын анықтайды.

Бұл ретте Өзбекстан экспортының көлемі 29 пайызға артып, 16,6 миллиард долларды құрады. Импорт 10 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жуықтады.

Сонымен қатар, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында халықаралық ақша аударымдары мен кірістер бойынша оң сауда қалыптасты. Бірінші реттік кірістер бойынша 850,9 миллион доллар, ал екінші реттік кірістер бойынша 5,4 миллиард долларға артық тіркелді.

Өзбекстанға келген тікелей шетелдік инвестициялар 1,6 миллиард долларға жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42 пайызға көп. Бұл ретте резиденттердің шетел валютасындағы активтері 12,1 миллиард долларға өсті.


Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанның сыртқы қарызы 72 миллиард доллардан асты