date

Шавкат Мирзиёев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барады

Шавкат Мирзиёев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 октябрь күндері осы елге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Габала қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммитіне қатысады. Бұл жиын "Аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік" тақырыбында өтеді және күн тәртібіне ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейту мәселелері енгізілген.

Саммитте саясат, сауда-экономика, инновация, инвестиция, энергетика, көлік-коммуникация, гуманитарлық және басқа да басым салалардағы практикалық ынтымақтастықтың болашағы талқыланады деп жоспарланған. Делегация басшылары халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасады.

Саммит соңында ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында бірқатар бірлескен қаулылар мен құжаттар қабылдау жоспарлануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Шавкат Мирзиёев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барады