date

Өзбекстан Моңғолия етінің негізгі сатып алушыларының біріне айналды

Өзбекстан Моңғолия етінің негізгі сатып алушыларының біріне айналды

Моңғолия ет пен ет өнімдерінің көп бөлігін Өзбекстан, Қытай, БАӘ, Катар, Қазақстан және Вьетнамға экспорттайды. Бұл туралы елдің Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі хабарлады.

2025 жылдың алғашқы сегіз айында ел 18,1 мың тонна ет пен ет өнімдерін сатқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9 пайызға аз. Экспорт құрамының 63 пайызы қой мен ешкі еті болды.

Мәліметтерге қарағанда, өнімнің негізгі бөлігі Қытай, БАӘ, Қатар, Қазақстан, Өзбекстан және Вьетнамға жеткізілген. Моңғолияда мал шаруашылығы экономиканың негізгі бағыты болып табылады, халықтың 40%-ға жуығы содан күн көреді. Алайда, ұзақ және ауыр қыс мезгілінің салдарынан көптеген малшылар жыл сайын малдарын жоғалтады.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2024 жылдың соңында елде 57,6 миллион бас мал болған.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 27 июнь күні Моңғолия мен Өзбекстан ресмилері арасындағы кездесуде 2000 тонна халал жылқы және қой етін жеткізу туралы келісімге қол жеткізілген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан Моңғолия етінің негізгі сатып алушыларының біріне айналды