date

Өзбекстан көп өнімді қай елдерден алады?

Өзбекстан көп өнімді қай елдерден алады?

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың январь-август айларында Өзбекстанның жалпы импорт көлемі 28,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға көп.

Есептік кезеңде ел 170-тен астам елден тауарлар мен қызметтерді импорттады. Импорт көлемі бойынша Қытай бірінші орынды иеленіп, Өзбекстанға 8,5 миллиард доллардың өнімін жеткізген.

Ресей 5,4 миллиард доллармен екінші, ал Қазақстан 2,1 миллиард доллармен үшінші орында. Сондай-ақ Түркия (1,2 млрд), Корея (1,1 млрд), Германия (774 млн), Үндістан (734,3 млн), Түрікменстан (581,6 млн), Беларусь (478,5 млн) және АҚШ (416,3 млн) негізгі серіктестер болды.

Қалған елдермен жүзеге асырылған импорттың жалпы құны 7,2 миллиард долларды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азия елдері соңғы жылдары Парсы шығанағы елдерінен импорт көлемін айтарлықтай арттырды. 2024 жылы аймақ пен Парсы шығанағы елдері арасындағы сауда көлемі 3,3 миллиард долларға жетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан көп өнімді қай елдерден алады?