date

Өзбекстанда мерзімі өткен өнімдердің сатылымы автоматты түрде тоқтатылады

Өзбекстанда мерзімі өткен өнімдердің сатылымы автоматты түрде тоқтатылады

Өзбекстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жаңа цифрлық жүйе енгізіледі. Президент Шавкат Мирзияев 6 октябрь күні "Тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау шаралары туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлады ресми ақпарат көздері.

Қаулыға сәйкес, 2026 жылдың 1 мартынан бастап жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сату техникалық тұрғыдан мүмкін болмайды. Цифрлық белгісі бар тауардың QR кодын сканерлегенде, егер оның мерзімі өтіп кетсе, төлем жүйесі автоматты түрде бұғатталады және сату жүзеге асырылмайды.

Бұл шара сапасыз өнімдердің айналымын шектеп қана қоймай, тұтынушылардың денсаулығын қорғауға және нарықтағы ашықтықты қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Қазіргі уақытта цифрлық таңбалау жүйесі темекі және алкоголь өнімдері, дәрі-дәрмектер, тұрмыстық техника, медициналық бұйымдар мен сусындар сияқты тауарларға енгізілген. Ұлттық каталогта 115 мыңнан астам өнім тіркелген.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 15 октябрінен 2027 жылдың 1 январына дейін үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен "жұмбақ сатып алушылар" арқылы тесттік сатып алулар өткізіледі. Бұл тәжірибе арқылы нарықтағы заңбұзушылықтар мен тұтынушылардың құқықтарын бұзу жағдайлары анықталады.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 декабрінен бастап жаңа электронды платформа іске қосылады. Ол тұтынушылардың өтініштерін жедел және ашық қарауға қызмет етіп, мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер мен қоғам арасында тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

Жаңа жүйе арқылы нарықта салауатты бәсекелестік ортаны құру, азаматтардың сенімін нығайту және сапасыз өнімдердің айналымына тосқауыл қою күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда мерзімі өткен өнімдердің сатылымы автоматты түрде тоқтатылады