date

2026 жылдан бастап халық санағы: кімдер есепке алынбайды?

2026 жылдан бастап халық санағы: кімдер есепке алынбайды?

Өзбекстанда тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы өткізілгелі жатыр. Әділет министрлігі 2026 жылдың 15 январынан басталатын халық санағы үдерісі мен оның тәртіптері туралы ресми ақпарат берді.

Мәліметтерге қарағанда, санақ жұмыстары 2026 жылғы 15 январь сағат 00:00 басталып, 28 февральға дейін жалғасады. Осы кезеңде ел бойынша әрбір азамат арнайы электронды жүйе арқылы немесе мекенжайы бойынша тіркеледі.

Алайда, кейбір санаттағы адамдар есепке алынбайды. Атап айтқанда, бір жылдан астам уақыт Өзбекстаннан тыс жерде болған азаматтар, сондай-ақ халық санағы басталғаннан кейін туған балалар тізімде көрсетілмейді.

Сонымен қатар, халық санағы басталғаннан кейін қайтыс болған тұлғалар деректер базасына енгізіледі. Бұл статистикалық дәлдікті қамтамасыз ету және елдің демографиялық жағдайын толық көрсету үшін жасалады.

Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өткен шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері және дипломатиялық иммунитетке ие тұлғалар тіркеуден шығарылады.

Тіркеу тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. Яғни, әрбір азамат өзінің күндізгі және түнгі тұрғылықты жерін ескере отырып, тізімге енгізіледі - бұл үйлерді, пәтерлерді немесе басқа да тұрғын үйлерді қамтиды.

Жеке деректерде тіркеу басталғаннан кейін болған өзгерістер (мысалы, қоныс аудару, неке немесе бала туу) есепке алынбайды.

Бұл халық санағы Өзбекстан үшін тарихи маңызға ие болады. Ол елдің демографиялық құрылымын, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін нақты бағалауға, сондай-ақ болашақ мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлауға маңызды негіз болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » 2026 жылдан бастап халық санағы: кімдер есепке алынбайды?