Ауаны ластағандар айыппұл төлейді

Ауаны ластағандар айыппұл төлейді

Атмосфералық ауаны қорғау ережелерін сақтамау жауапкершілікке әкеп соғады. Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 88-бабына сәйкес, бұл ереже бұзғаны үшін әртүрлі деңгейдегі айыппұлдар белгіленген.

1. Құрылыс жұмыстары кезінде жанармайды немесе битумды дұрыс жақпаған жағдайда:

  • азаматтарға - БЕМ-нің 1/3 бөлігінен 1 есеге дейін,
  • лауазымды тұлғаларға - 1 еседен 3 есеге дейін айыппұл салынады.

2. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда:

  • азаматтарға - 1-ден 3 есеге дейін,
  • лауазымды тұлғаларға - 3-тен 7 есеге дейін айыппұл салынады.

3. Ауаны аңыз, жапырақ немесе бұтақтарды жағу арқылы ластау үшін:

  • азаматтарға - 3 еседен 5 есеге дейін,
  • лауазымды тұлғаларға - 5-тен 10 есеге дейін айыппұл салынады.

Мәліметтерге қарағанда, 2020-2024 жылдар аралығында 419 адам, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 18 адам осы бап негізінде жауапкершілікке тартылған.

Экологтар халықты ауаны таза ұстауға, қалдықтарды жақпауға және заң талаптарын сақтауға шақырады.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар