date

Өзбекстанда Сауд Арабиясына баратын азаматтардың саны күрт өсті

Өзбекстанда Сауд Арабиясына баратын азаматтардың саны күрт өсті

Сауд Арабиясына баратын өзбекстандықтардың саны айтарлықтай өскені белгілі болды. Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың январь-август айларында 165,7 мың азамат Сауд Арабиясына барған.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,8 мың адамға немесе 48,1 пайызға көп. Сапарға шыққан азаматтардың көп бөлігі - 141,6 мың адам - туристік мақсатта жолға шыққан. Сондай-ақ 23,5 мың адам туыстарын көруге, 548 адам емделуге, 62 адам қызмет бабымен, 18 адам оқуға барған.

Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрлігі кез келген виза иелеріне умра амалын орындауға мүмкіндік бергені саяхаттар санының артуына себеп болды.

Биылғы қажылық маусымында Өзбекстаннан 15 мыңнан астам қажы қасиетті рәсімдерді рет-ретімен орындады. Олар 13 мамырдан 30 мамырға дейін Сауд Арабиясына жетіп, 29 маусымға дейін отанына оралды.

Мамандардың айтуынша, электронды тізім, онлайн брондау және ыңғайлы виза жүйесі азаматтар үшін саяхаттау үдерісін әлдеқайда жеңілдеткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда Сауд Арабиясына баратын азаматтардың саны күрт өсті