date

Елде зейнетақы алушылар саны күрт өсті

Елде зейнетақы алушылар саны күрт өсті

Өзбекстанда зейнетақы жүйесінің ауқымы кеңейіп келеді. Қаржы министрлігіне қарасты Зейнетақы қорының мәліметінше, 2025 жылдың 1 октябріндегі жағдай бойынша ел бойынша жалпы 4 миллион 241,8 мың азамат зейнеткер ретінде тіркелген.

Оның ішінде 3 миллион 514,1 мыңы - жасына байланысты зейнетақы алушылар, 482,1 мыңы - мүгедектік бойынша зейнетақы алушылар, 245,6 мыңы асыраушысынан айырылғандықтан мемлекеттен көмек алушылар болып табылады. Бұл сандар ел халқының әрбір он үлкенінің бірі зейнетақы жүйесі арқылы әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Өңірлер бөлінісінде ең көп зейнетақы алушылар Ферғана облысында тіркелген - 500,8 мың адам. Одан кейінгі орындарда Самарқант облысы (451,6 мың), Ташкент қаласы (380,4 мың) және Ташкент облысы (383,1 мың) тұр. Сонымен қатар, Әндіжан облысында 399 мың, Қашқадарияда 381,4 мың, Сұрхандарияда 285,2 мың, Бұхарада 268,6 мың, Хорезмде 235,4 мың, Қарақалпақстанда 226,7 мың, Наманғанда 333,2 мың, Жызақта 145,2 мың, Науаида 142,1 мың зейнеткер бар.

Ең төменгі көрсеткіш Сырдария облысында байқалды - 108,9 мың азамат. Мамандар бұл айырмашылықты аймақтардағы халық саны, еңбек нарығындағы белсенділік және демографиялық өзгерістермен түсіндіреді.

Сондай-ақ қазір елімізде зейнетақы төлемдерін цифрландыру және автоматтандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. Бұл үдеріс жәрдемақы алушыларға қолайлылық жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және төлем жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Зейнетақы қорының мәліметінше, қазан айынан бастап зейнетақыны қолма-қол ақша түрінде алу үдерісі азаматтардың Face-ID арқылы биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асырыла бастады. Бұл жаңалық арқылы төлемдерді жылдам, қауіпсіз және жеке қабылдау мүмкіндігі жасалды.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары елімізде зейнетақы жүйесін жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында айтарлықтай реформалар жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістер тек зейнеткерлер үшін ғана емес, болашақта жүйеге қосылатын азаматтар үшін де маңызды болмақ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Елде зейнетақы алушылар саны күрт өсті