
World Happiness Report 2025 есебінің жаңартылған рейтингінде 147 мемлекет орын алды. Зерттеушілер түрлі елдердегі бақыт деңгейін бағалады.
Рейтингті түзу барысында халықтың кірісі, денсаулығы, сенім деңгейі, таңдау еркіндігі және қоғам қолдауы сынды көрсеткіштер ескерілді. Өзбекстан бұл рейтингте 53-орынды иеленді.
Ел Орталық Азия мемлекеттері арасында екінші орынды алып, Қазақстаннан кейінгі орынға жайғасты. Қазақстан 40-орынға ие болған.
Айта кету керек, рейтингте бірінші орынды Финляндия иеленсе, соңғы орынды Ауғанстан иеленген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар