
Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің мәліметінше, Өзбекстанда айып балл жүйесі енгізілгелі бес ай ішінде 114 мыңнан астам жүргізушіге балл қолданылған.
1 маусымнан 30 қазанға дейін барлығы 114 382 жүргізушіге айып баллдары белгіленген. Олардың көпшілігі — 114 374 адам — 1-ден 5 баллға дейін алған. Алты жүргізушіге 5–6 балл, бір жүргізушіге 7 балл және тағы біріне 8 балл берілген.
Мәліметтерге сүйенсек, жүйе енгізілгеннен кейін жол-көлік оқиғаларының саны 6,3 пайызға, ал жүргізушілердің кінәсінен болған апаттар 31,2 пайызға азайған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі Бас басқармасының баспасөз қызметі басшысы Заир Йўлдашевтің айтуынша, айып балл жүйесі өз тиімділігін толық дәлелдеді. Оның сөзінше, жол апаттарының мұндай деңгейде азаюы бұрын-соңды байқалмаған.
Мамандар бұл жүйе жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп жатқанын атап өтуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!