date

4 ноябрь күні Өзбекстанда ауа райы күрт өзгереді

4 ноябрь күні Өзбекстанда ауа райы күрт өзгереді

4 ноябрьде Өзбекстанның көптеген аумақтарында ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Бұл туралы Узгидромет хабарлады.

Ташкент қаласында ауа райы бұлыңғыр болады, жаңбыр жаууы мүмкін. Батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 7-9 градус жылы болады.

Қарақалпақстан мен Хорезм облыстарында жауын-шашын күтілмейді, тек күн құбылмалы болады. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 5-10 градус жылы болады.

Бұхара және Науаи облыстарында кей жерлерде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Температура түнде 1-6 градус, күндіз 6-11 градус жылы болады.

Самарқант, Ташкент, Сырдария және Жызақ облыстарында да ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде жаңбыр жауады. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 13-18 м/с күшейіп, шаң-тозаң болуы мүмкін. Ауа температурасы 6-11 градус жылы болады.

Қашқадария және Сұрхандария облыстарында ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 13-18 м/с күшейіп, шаң көтерілуі ықтимал. Ауа температурасы түнде және күндіз 8-13 градус жылы болады.

Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында күн аздап бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауады. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 13-18 м/с күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, күндіз 8-13 градус болады.

Тау бөктеріндегі және таулы аймақтарда ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін. Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде 18 м/с күшеюі ықтимал. Ауа температурасы түнде 2 градус суық - 3 градус жылы болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » 4 ноябрь күні Өзбекстанда ауа райы күрт өзгереді