date

Әскери жоғары оқу орны түлектеріне жаңа міндеттемелер


Өзбекстанда әскери жоғары оқу орындарының түлектеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Президент қаулысымен «Әскери қызмет өткеру тәртібі туралы» ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді түлектер бес жылдық қызмет міндетін орындамаған жағдайда, олардың оқытылуына мемлекет тарапынан жұмсалған шығындарды өтеу міндеті белгіленді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, егер түлек офицер лауазымында бес жыл қызмет етпесе, ол оқу барысында мемлекет тарапынан жұмсалған барлық шығындарды өтеуге міндетті болады. Бұл қағидалар әскери қызмет өтейтін тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар басқа министрліктер мен ведомстволарға азаматтық қызметкер ретінде жұмысқа жіберілген түлектерге де қолданылады.

Олар үшін де бес жылдық қызмет шарты белгіленген және бұл міндет орындалмаған жағдайда оқытуға жұмсалған қаражаттар қайтарып алынады. Әскери жоғары оқу орны курсанттарын даярлау шығынына тек оқу, азық-түлік және киім-кешек шығындары ғана емес, сонымен қатар оқу-жаттығуларда пайдаланылатын күрделі әскери техникалар мен оқ-дәрілерге жұмсалған қаражаттар да кіреді.

Бұл өз кезегінде әскери білімді мемлекет үшін ең қымбат жоғары білім бағыттарының біріне айналдырады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Әскери жоғары оқу орны түлектеріне жаңа міндеттемелер