date

Өзбекстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі 1 миллиардқа жақындады

Өзбекстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі 1 миллиардқа жақындады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев Вашингтонда АҚШ-тың сауда министрі Говард Латникпен тиімді келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар стратегиялық экономикалық әріптестікті нығайту, екіжақты сауда мен инвестиция көлемін одан әрі арттыру жолдарын, сондай-ақ ауқымды бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы сауда көлемінің қарқынды өсіп, төрт есеге артқаны және 1 миллиард АҚШ долларына жақындағаны ерекше атап өтілді. Бүгінгі таңда Өзбекстан аумағында 300-ден астам америкалық компания табысты жұмыс істеуде.

Олардың қызметі ауыр өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және инновациялық технологиялар сынды экономиканың негізгі салаларын қамтиды. Келіссөздер барысында агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Ынтымақтастық нәтижесінде АҚШ-тан Өзбекстанға соя тұқымдары мен мақта жеткізуді қарастыратын алғашқы келісімшарттар жасалды. Бұдан бөлек, су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында АҚШ-тың заманауи тамшылатып суару технологияларын енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды қолдау үшін инвестициялық платформа құруға уағдаласты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі 1 миллиардқа жақындады