date

Ташкент облысында 10-11 ғасырларға жататын бірегей қабырға суреттері табылды

Ташкент облысында 10-11 ғасырларға жататын бірегей қабырға суреттері табылды

Ташкент облысының аумағында археологиялық топ тарихи маңызы зор олжаны анықтады - Х-ХІ ғасырларға жататын ежелгі қабырға суреттері қалпына келтірілді. Бұл туралы Өзбекстан Ғылым академиясының Тарих институты хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл бірегей суреттер ежелгі Қаңқа қаласының шахристанында орналасқан керуен сарайының қирандыларынан табылған. Археологтардың айтуынша, бұл керуен сарайы ежелгі уақытта қаланың экономикалық және мәдени орталықтарының бірі болған. Оның оңтүстік қақпасынан шамамен 60 метр қашықтықта орналасқан ғимараттар архитектуралық тұрғыдан өте бай безендірілген.

Қазба жұмыстары барысында керуен сарайы бөлмелерінің бірінің қабырғаларынан құлаған сурет бөліктері табылды. Олар 25×30, 15×20 және 30×35 сантиметр өлшемде болып, ғимараттың ішкі бөлігі өз заманы үшін көркемдік жағынан жоғары деңгейде безендірілгенін көрсетеді. Мамандардың пікірінше, бұл олжа арабтардың жорығынан кейін жоғалған қабырға өнерінің 10-11 ғасырларда Ташкент оазисінде қайта қалпына келтірілгенін дәлелдейді.

Археологиялық мәліметтер көрсеткендей, ұқсас әшекейлі суреттер бұрын Самарқант және Ахсикент ескерткіштерінен де табылған. Енді Мәдени мұра агенттігі мен Самарқант археология институтының реставраторларының қатысуымен зерттеліп жатқан бұл олжалар Ташкент аумағында да қабырға суретінің мектебі болғандығын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қанқа ескерткішінде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде V-VII ғасырларға жататын ғибадатхана мен әскери құрал-жабдықтар да анықталған болатын. Бұл Қаңқаның сауда жолдарының маңызды нүктесі ғана емес, өнер мен мәдениеттің орталығы болғанын тағы бір дәлелдейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ташкент облысында 10-11 ғасырларға жататын бірегей қабырға суреттері табылды