date

Президент Самарқанд облысы Халық депутаттары кеңесі сессиясына қатысты

Президент Самарқанд облысы Халық депутаттары кеңесінің сессиясына қатысты

25 қараша күні Самарқанд облысы Халық депутаттары кеңесінің кезектен тыс сессиясы болып өтті. Оған Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Ел басшысы сөзінің басында облыс қоғамдық өкілдерімен кездесіп отырғанына қуанышты екенін атап өтіп, қол жеткізілген жетістіктер мен пайдаланылмаған мүмкіндіктерге тоқталды.

– Ежелгі тарих пен құндылықтарды бойына жинақтаған, күн сайын жаңа заман сәулет дәстүрлерімен түрленіп бара жатқан бұл қасиетті өңір әлемдік өркениетте өзіндік орнын нығайтуда, – деді Президентіміз.

Атап айтқанда, "Мәңгілік қала" кешенінің құрылуы, 40-тан астам қасиетті зиярат орындарының жаңартылуы, "Самарқанд" халықаралық әуежайының қайта құрылуы, ондаған халықаралық бренд қонақ үйлерінің іске қосылуы облыстың туризм әлеуетін жаңа кезеңге көтерді.

Самарқанд соңғы жылдары саяси, экономикалық, туризм және бизнес орталығына, көптеген ірі халықаралық шаралар, форумдар мен жиындар үшін маңызды алаңға айналды.

Осы жылы мұнда 40-тан астам беделді халықаралық конференция ұйымдастырылды, әсіресе ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясының өтуі шынымен де ерекше оқиға болды.

Жалпы, туризм және оған байланысы бар салаларға 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. Осыған байланысты облысқа туристік ағым 2016 жылмен салыстырғанда 7 есеге өсті, ал туризм қызметтерінің экспорты 600 миллион АҚШ долларына жетті.

Бүгінде облыс өзінің туризмдегі ғана емес, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларындағы ерекше әлеуетімен де инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін нағыз тартымды орынға айналып келеді.

Соңғы сегіз жылда облысқа 12 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды, 600 мың тұрақты жұмыс орны құрылды, кәсіпкерлер саны екі есеге артты.

Өндіріс орындарының саны 1,5 есеге, өнеркәсіп көлемі 1,7 есеге өсті. Жылдық айналымы 100 миллиард сумнан асатын кәсіпорындардың саны 81-ге жетті. 55 елден шетелдік инвесторлар жұмыс бастаған, шетелдік қатысумен құрылған кәсіпорындар саны 700-ге жақындады.

Қызмет көрсету саласы жылына орташа есеппен 15 пайызға өсіп келеді, биыл осы қызмет көлемі 75 триллион сумға жетеді.

Сондай-ақ, 2024 жыл мен ағымдағы жылдың 10 айында 15 миллион шаршы метр тұрғын үй және коммерциялық нысандар салынды. Самарқандтық құрылысшылар республика бойынша жылына 4,5 миллион шаршы метр ғимараттар тұрғызып келеді.

Облыстың жалпы ішкі өнімі 2016 жылы 23 триллион сум болса, биыл 120 триллион сумға жетеді.

Тұрғындар облыста атқарылған жұмыстар аясында отбасыларында үлкен оң өзгерістер болғанын айтып жүр.

Мысалы, осы уақыт ішінде 3 200 шақырым ауылдық ауыз су және кәріз жүйелері құрылымы 2 триллион сум көлемінде салынды.

– Қысқаша айтқанда, Самарқандты тұрғындар мен кәсіпкерлер, туристер мен инвесторлар үшін тартымды өңірге айналдыра алдық, – деді Президентіміз.

Республика аумағындағы ең үлкен тұрғындарға ие Ургутта 600 мыңнан астам адам тұруда.

– Ургут ауданы көп жылдан бері облыстың ауыл шаруашылығында көш бастап келеді. Тас және тастарлы жерде Ургут еркін экономикалық аймағын ұйымдастырғанымыз, 860 миллион АҚШ долларына тең 74 жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде Ургут индустрияланған аймаққа айналды, – деді ел басшысы.

Өнеркәсіптің дамуы сауда мен қызмет көрсету саласына да айтарлықтай септігін тигізді. Қазіргі таңда Ургут облыс өнеркәсібінде 3-ші орында, ал қызмет көрсету саласында 4-ші орында.

Бүгін Ургутта тағы бір тарихи оқиға – 55 шақырым теміржол желісінің іске қосылуы орын алды. Бұл желіні электрлендіру жұмыстары келесі жылы толығымен аяқталады. Бұл алдымен тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасауымен қатар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларында жаңа мүмкіндіктер есігін ашады.

Тұрғын үй, кәріз жүйелері, ауыз су, мектеп, балабақша, аурухана және бизнес инфрақұрылымы мәселелерінің шешімін күткеніне көптеген уақыт болғандығы көрсетіліп өтті. Сондықтан, Президентіміз Ургут орталығын “Жаңа Өзбекстан” бейнесіне сәйкес ең заманауи әрі әсем қалалардың біріне айналдыру үшін арнайы шешімді бекітті.

Ауданды Құйы Камангарон махалласындағы “Жаңа Өзбекстан” массивіне жалғай отырып, 90 гектар жерден тұратын заманауи экологиялық қала тұрғызылады.

Тағы бір жаңалық. Ақдарья, Пайарық, Пастдарғом, Тойлоқ және Самарқанд аудандарындағы 17,5 мың гектар аумақ Самарқанд қаласына қосылып беріледі. Бұның негізінде қала халқы 604 мыңнан 882 мың адамға ұлғаяды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Президент Самарқанд облысы Халық депутаттары кеңесі сессиясына қатысты