date

Өзбекстанға ылғалды және суық ауа массалары кіріп жатыр

Өзбекстанға ылғалды және суық ауа массалары кіріп жатыр

"Узгидромет" 8 декабрьде болатын ауа райы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, ертеңнен бастап ел аумағына ылғалды және суық ауа массаларының енуі күтілуде.

Ташкент қаласында ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жаууы ықтимал. Шығыстан соққан жел бағытын өзгертіп, батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында ауа райы құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус суық, күндіз 3-8 градус жылы болады.

Бұхара және Науаи облыстарында ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр жауады. Тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, күндіз 8-13 градус жылы болады.

Ташкент, Самарқант, Жызақ және Сырдария облыстарында да ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз 5-10 градус жылы.

Қашқадария облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, күндіз 12-17 градус жылы болады.

Сұрхандария облысында жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, күндіз 12-17 градус жылы болады.

Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -2 градустан +3 градусқа дейін, күндіз 6-11 градус жылы болады.

Республиканың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты болуы мүмкін.

Ташкент пен Наманганда қар көшкіні қаупі бар. Ауа температурасы түнде 1-6 градус суық, күндіз 0-5 градус жылы болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанға ылғалды және суық ауа массалары кіріп жатыр