date

Өзбекстанда 9 ай ішінде ең көп нәресте қай аймақта туылғаны анықталды

Өзбекстанда 9 ай ішінде ең көп нәресте қай аймақта туылғаны анықталды

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың январь-сентябрь айларында Өзбекстанда жалпы 664,6 мың туу тіркелген.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары көрсеткіш Самарқант облысына тиесілі, мұнда 80 903 нәресте дүниеге келген. Одан кейінгі орындарда Қашқадария облысы (75 116) және Ферғана облысы (74 614) тұр.

Сондай-ақ, Сұрхандарияда 61 128, Әндіжанда 60 131, Наманғанда 57 881 бала дүниеге келген. Ташкент облысында 49 007 нәресте, Ташкент қаласында 47 703 нәресте дүниеге келген.

Ең төменгі көрсеткіштер Науаи облысында (18 594) және Сырдария облысында (15 879) байқалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қашқадария облысының Қаршы қаласында әйел бес қыздан кейін төрт егіз қызды дүниеге әкелгені хабарланған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда 9 ай ішінде ең көп нәресте қай аймақта туылғаны анықталды