date

Мирзиёев: «Өзімізде жоқ техникаға бажды азайту керек»

Мирзиёев: «Ө'zimizda yo'q texnikaga bojni kamaytirish kerak»

Президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен құрылыс және урбанизация саласындағы өзекті міндеттер бойынша жиналыс өтті. Онда құрылыс саласының өкілдері елде өндірілмейтін арнайы техникаларды әкелудегі кедендік төлемдер мен утилизациялық алымдар бойынша мәселелерді көтерді. Бұл туралы Spot.uz хабар береді.

«Lux City Houses» кәсіпорнының басшысы Уәлиджан Мырзаевтың айтуынша, Өзбекстанда өндірілмейтін құрылыс техникаларына қатысты қолданылып жүрген бұл міндетті төлемдерді азайту шағын және орта бизнес үшін үлкен жеңілдік тудырады. Бұл өз кезегінде құрылыс құнын және соңғы тұрғын үй бағасын төмендетуге алып келеді.


Мемлекет басшысы бұл мәселенің маңыздылығын атап өтіп, құрылыс көлемін арттыру және оған жағдай жасау мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Президент Өзбекстанда өндірілмейтін, әсіресе, қымбат технологияларға ие техникалар үшін импорттық баждарды азайту немесе тіпті бастапқы кезеңде олардан толық босату бойынша шешім жобасын дайындауды тапсырды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі Шерзод Хидоятовтың хабарлауынша, бұған дейін, 2017 жылы да арнайы құрылыс техникаларын импорттау үшін жеңілдіктер енгізілген болатын. Бұл шаралар сол кезде салаға оң әсер еткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Мирзиёев: «Өзімізде жоқ техникаға бажды азайту керек»