date

Енді несие үшін картадағы ақша толығымен шешіп алынбайды

Ендігі жерде кредит үшін картадағы ақша соңына дейін шешіп алынбайды

Енді Өзбекстанда банктер пластикалық карта есебінен автоматты түрде ақша алуы үшін картада кемінде 1 236 000 сум мөлшерінде қаражат қалуы тиіс. Жаңа тәртіп ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілгені туралы Ақпарат бағдарламасы арқылы мәлімделді.

Оған сәйкес, картаның есепшоттарында минималды азайтуға болмайтын қалдық белгіленді. Бұл сома базалық есептік мөлшердің 3 есесіне тең болып, қазіргі есептеулер бойынша 1 миллион 236 мың сумды құрайды. Жаңа тәртіптің негізгі мәні – клиенттер карта есебінен ақша шешкенде немесе басқа да қаржылық операцияларды орындағанда, осы белгіленген минималды сома тұрақты түрде сақталып қалады. Яғни, карта теңгерімі енді толық нөлдік күйге түсірілмейді және кез келген жағдайда кемінде 1 236 000 сум қалады.

Сонымен қатар, барлық операциялар тек осы шектен асатын қаражат шеңберінде жүзеге асырылады. Мысалы, егер картада жалпы қаражат 2 миллион сум болса, клиент тек 764 000 сумға дейін ақша шеше алады, себебі қалған бөлігі минималды қалдық ретінде сақталады.

Айта кету керек, бұл шектеу бойынша әзірге нақты құқықтық негіз, яғни заң, қаулы немесе ресми бекітілген ереже жарияланған жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Енді несие үшін картадағы ақша толығымен шешіп алынбайды