Өзбекстанда 40 жастан кейін неке құрғандар саны артып келеді

Өзбекстанда 2026 жылдың алғашқы үш айында мыңдаған әйелдің некеге тұрғаны белгілі болды. Ұлттық статистика комитеті ұсынған сандар арасында 40 жастан кейін отбасын құрған әйелдердің саны ерекше назар аудартады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, қаңтар-наурыз айларында АХАТ органдары тарапынан барлығы 42,3 мың неке ресми тіркелген. Некеге тұрған әйелдердің негізгі бөлігі 20-30 жас аралығында болса, бұл санатта 22 мың 436 әйел тұрмысқа шыққан.
Сондай-ақ, 20 жасқа дейінгі қалыңдықтар саны 14 мың 946 адамды құрады. 31-40 жас аралығында болса 3 мың 687 әйел ресми некеге тұрған.
Статистикада ең көп талқыланып жатқан сандардың бірі — 41 жас және одан жоғары жастағы әйелдерге қатысты болды. Атап өтілгендей, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 1 мың 232 әйел 40 жастан кейін отбасын құрған.
Мәлімет үшін, 2025 жыл ішінде ел бойынша барлығы 267 мың 131 неке тіркелген. Оның ішінде 5,3 мыңнан астам жағдай 40 жастан кейін тұрмысқа шыққан әйелдерге тиесілі.