Қырғызстан Өзбекстаннан әкелінген 21 тонна қарбызды кері қайтарды

28 мамыр күні Өсімдіктерді химияландыру, қорғау және карантин департаментінің инспекторлары «Достық» шекара бекетінде жүргізген фитосанитарлық бақылау барысында Өзбекстаннан әкелінген 21 тонна қарбыз өнімі тексерілді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Министрлік ақпаратына сәйкес, карантиндік бақылаудағы бұл өнімнің қаптамаларында міндетті таңбалаудың (жапсырмалардың) жоқтығы анықталды. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) карантиндік фитосанитарлық талаптарын бұзу деп бағаланды.
Нәтижесінде бұл жүкке Қырғызстан аумағына кіруге рұқсат берілмей, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Өзбекстанға кері қайтарылды.
«Өсімдіктерді химияландыру, қорғау және карантин департаменті елдің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және карантиндегі зиянды нысандардың енуіне жол бермеу мақсатында бақылау шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді», — делінген ресми хабарламада.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз