date

Ресей мен АҚШ-ты байланыстыратын "Путин-Трамп туннелі" қанша тұрады?

Ресей мен АҚШ-ты байланыстыратын "Путин-Трамп туннелі" қанша тұрады?

Ресей мен АҚШ-ты байланыстыратын Беринг бұғазы арқылы туннель салу туралы жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлады Topnews.

Ресей тікелей инвестициялар қорының (RFPI) басшысы және президенттің халықаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриевтің айтуынша, жобаның құны кемінде 8 миллиард долларды құрайды.

Дмитриевтің айтуынша, бейресми түрде "Путин-Трамп туннелі" деп аталатын бұл жобаны сегіз жылдан аз уақытта жүзеге асыруға болады. Туннель теміржол және жүк тасымалына арналған, "Ресей мен АҚШ-тың бірлескен ресурстарын дамытуға мүмкіндік береді," - деді ол.

Оның айтуынша, Беринг бұғазы астындағы туннельдің ұзындығы 98-113 шақырымды құрайды, бұл Франция мен Ұлыбританияны байланыстыратын әйгілі еуротоннельден (51 шақырым) екі есе дерлік ұзын.

Кирилл Дмитриев Илон Маскқа жүгініп, The Boring Company технологиясын пайдалануды ұсынды. Бұл әдіс құрылыс мерзімін қысқартып, шығындарды айтарлықтай үнемдеуге болатыны айтылуда.

Дмитриевтің айтуынша, "Путин-Трамп туннелі" идеясы қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. "Бұл туралы хабар екі миллион рет қаралды. Трамп мұны қызық деп атады, ал Зеленский ұнатпады. Бұл тақырыпты ең ірі БАҚ жазды," - деді ол.

Бір қызығы, Чукотка мен Аляска арасындағы көлік дәлізін құру идеясы алғаш рет 2007 жылы талқыланған. Сол кезде Экономикалық даму министрлігі 6 мың шақырымдық трансқұрлықтық магистраль жобасын ұсынған болатын, оның 102 шақырымы бұғаздың астымен өтуі керек еді.

Енді бұл идея қайтадан күн тәртібіне шықты. 2025 жылдың 15 авгусында Аляскада Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуі кезінде Дмитриев "Еуразия мен Америка арасындағы жаңа әлем көпірі" болуы мүмкін жоба жоспарын ұсынды.

Осылайша, Беринг бұғазы арқылы Ресей мен АҚШ-ты байланыстыратын туннель жобасы тек инженерлік жағынан ғана емес, геосаяси символ ретінде де үлкен қызығушылық тудыруда. Мамандар бұл бастаманы ХХІ ғасырдың ең ерекше көлік құрылыстарының бірі ретінде бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ресей мен АҚШ-ты байланыстыратын "Путин-Трамп туннелі" қанша тұрады?