date

Ресейде өзбек жүргізушілері қара тізімге ілініп жатыр

Ресейде өзбек жүргізушілері қара тізімге ілініп жатыр

Ресейдің «қара тізіміне» енген өзбек халықаралық жүк жүргізушілерінің саны артуда. Бұл туралы көші-қон агенттігі ресми ескерту жасады.

Мәліметтерге қарағанда, 2025 жылға қарай Ресейдегі халықаралық автожүк тасымалының шамамен 25 пайызы өзбек жүргізушілердің үлесіне тиесілі. Алайда көші-қон және шекара ережелерін сақтамау көптеген азаматтардың Ресейдің Ішкі істер министрлігі жүргізетін «кіруге тыйым салынған тұлғалар» тізіміне енуіне себеп болуда.

Агенттік жүргізушілерді бірнеше маңызды талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Атап айтқанда, шекарадан өту кезінде миграциялық картаны дұрыс толтыру қажет — «мақсат» бағанына «туризм» емес, «қызметтік» немесе «транзит» деп көрсету керек. Сондай-ақ Ресейге кіргеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде миграциялық тіркеуден өту міндетті.

90/365 ережесін тұрақты бақылауда ұстау да маңызды. Егер көлік бұзылса немесе басқа форс-мажор жағдай туындаса, міндетті түрде ресми акт немесе анықтама алу қажет.

«Әрбір әрекет ресми құжатпен расталуы тиіс. Ережелерді қайталап бұзу Ресейге 3–10 жыл мерзімге кіруге тыйым салуға әкеледі», — делінген агенттік хабарламасында.

Мамандар жүргізушілерді құжаттарына жауапкершілікпен қарауға және жолға шығар алдында барлық талаптардың орындалуын мұқият тексеруге шақырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Ресейде өзбек жүргізушілері қара тізімге ілініп жатыр