date

Өзбекстанда автокөліктер үшін экостикерлер тәртібі белгіленді

Өзбекстанда автокөліктер үшін экостикерлер тәртібі белгіленді

Өзбекстанда автокөлік құралдарының экологиялық санаттарын анықтау және оларға арнайы эко-стикерлер беру тәртібі ресми түрде бекітілді. Үкімет қаулысына сәйкес, енді көліктерден шығатын ластаушы заттардың нормаға сәйкестігі тексеріліп, олардың экологиялық класына қарай категориясы беріледі.

Ережеге сәйкес, әрбір көліктің эко-түрі оны өндіруші бекіткен экологиялық класына негізделіп белгіленеді. Категориялар бензинмен, газбен және дизельмен жүретін машиналар үшін бөлек бөлінген:

Бензин және газбен жүретін автокөліктер:

- "Евро-2" және одан жоғары - "таза" санаты;

- "Евро-0" және "Евро-1" - "орта" категория.

Дизель отынымен жүретіндер:

- "Еуро-4" және одан жоғары - "таза" санаты;

- "Евро-3" - "орта" санаты;

- "Евро-0," "Евро-1," "Евро-2" - "зиянды" категория.

Гибридті көліктер, баламалы отынды қолданатын көліктер және шығарылғанына 3 жыл толмаған көліктер автоматты түрде "таза" санатқа жатқызылады.

Экологиялық стикерлер - жасыл, сары немесе қызыл түстерде болып, көлікті тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімшелерінде экология операторлары береді. Оларды ерікті түрде алғысы келетіндер ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің ресми сайты немесе my.gov.uz арқылы хабарласа алады. Өтініш талаптарға сәйкес келсе, стикер мерзімсіз беріледі.

Жаңа кестеге сәйкес, Ташкент қаласында экостикерлер 2026 жылдың январынан бастап таратыла бастайды. Елордадағы барлық көлік құралдарын экологиялық бағалау мерзімі 2027 жылдан 2028 жылдың басына дейін ұзартылды. Ал Нөкіс пен облыс орталықтарында бағалау үдерісі 2031 жылдың январына дейін жалғасады. Қалған аумақтарда автокөліктерді экологиялық санаттарға бөлудің соңғы мерзімі 2035 жылдың басына дейін белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың март айында қабылданған қаулыға сәйкес, экостикерлер жүйесі июньнен бастап қолданысқа енуі керек еді. Бірақ кейін бұл мерзім 2025 жылдың 1 мартына ауыстырылды, енді қайтадан жаңартылған тәртіп бойынша жұмыс істейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Өзбекстанда автокөліктер үшін экостикерлер тәртібі белгіленді