Mercedes-Benz қорғаныс нарығына шығу мүмкіндігін қарастыруда

Германияның Mercedes-Benz компаниясы қорғаныс нарығына шығу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы компанияның бас директоры Ола Каллениус The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Каллениустың айтуынша, қазіргі жаһандық жағдай барған сайын күрделене түсуде. Сол себепті Еуропа өз қорғаныс әлеуетін күшейтуі қажет және Mercedes-Benz бұл процеске үлес қосуға дайын.
Компания басшысы қорғанысқа қатысты өндіріс негізгі жеңіл және жүк көліктері бизнесімен салыстырғанда шағын бағыт болатынын атап өтті. Яғни, бұл Mercedes-Benz қызметінің негізгі бөлігіне айналмауы мүмкін.
Бұған дейін Der Spiegel басылымы француз-германдық қорғаныс концерні KNDS компаниясының Mercedes-Benz-пен Людвигсфельдтегі зауытты сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы хабарлаған болатын.




















Пікірлер 0
…