date

Танымал бренд Өзбекстанда автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

Танымал бренд Өзбекстанда автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

Германияның танымал Volkswagen автоконцерні Өзбекстанның автомобиль өнеркәсібін дамыту бағдарламасы аясында Ташкент қаласында ірі торапты құрастыру өндірісін ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл туралы британдық «Just Auto» басылымы хабарлады.

Мәлім етілгендей, жобаның алғашқы кезеңінде астана Ташкентте автокөліктерді ірі торапты құрастыру процесін жолға қою жоспарлануда. Кейіннен өндірісті «Ангрен» еркін экономикалық аймағы аумағында жоғары деңгейде жергіліктендіру көзделіп отыр.

Бұл жоба 2025 жылдың маусым айында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойған «O‘zavtosanoat» мемлекеттік компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Мақалада Өзбекстанның автомобиль өнеркәсібі соңғы жылдары тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отырғаны ерекше атап өтілген. Қазіргі уақытта елде Chevrolet, BYD, KIA және Hyundai сияқты халықаралық брендтермен серіктестікте өнім шығаратын бес автомобиль зауыты жұмыс істейді.

Хабарда салада 10 мыңнан астам маман еңбек етіп жатқаны, сондай-ақ 300-ден астам жергілікті кәсіпорын автокөлік өндірушілерді құрамдас бөлшектермен қамтамасыз етіп келе жатқаны айтылған.

Сонымен қатар, Президент Шавкат Мирзиёев өндірісті жергіліктендіру процесін одан әрі тереңдету, ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейту және 2026 жылдың соңына дейін автокомпоненттер нарығын дамыту бойынша кешенді стратегия дайындау міндетін белгілегені атап өтілген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Танымал бренд Өзбекстанда автокөлік шығаруды жоспарлап отыр