date

Нерв жүйесі асқазан-ішек қатерлі ісігінің өсуіне әсер етеді

Нерв жүйесі асқазан-ішек қатерлі ісігінің өсуіне әсер етеді

Австралиялық ғалымдар асқазан-ішек обырының бұрын жеткілікті зерттелмеген, жасырын себебін анықтады. BMJ Oncology журналының мәліметінше, адамның асқазан-ішек жүйесіндегі жүйке талшықтары ісіктердің дамуына тікелей әсер етуі мүмкін.

Оливия Ньютон-Джон атындағы онкологиялық зерттеулер институты мен Ла Троба университетінің ғалымдары CGRP деп аталатын нейропептид пен оның RAMP1 рецепторы қатерлі ісік жасушаларының өсуін белсендіреді деген қорытындыға келді.

Зерттеуді басқарған доктор Павита Паратанның айтуынша, ісік ішіндегі жүйке талшықтары CGRP затын шығарып, өсу процесін ынталандырады. Сондай-ақ қатерлі ісік жасушалары да бұл затты өздігінен шығара алатыны анықталды. Бұл жүйке жүйесі мен қатерлі ісік жасушалары арасындағы биологиялық байланысты көрсетеді.

Мамандардың пікірінше, бұл процесті тоқтату үшін дәрі-дәрмектер қазірдің өзінде бар. Олар CGRP және RAMP1 рецепторларын бөгейтін препараттар болып табылады және қазіргі уақытта мигреньді емдеуде қолданылады. Мұндай дәрі-дәрмектердің мақұлдануы оларды онкологиялық терапияға бейімдеуге мүмкіндік береді.

Генетикалық сынақтар көрсеткендей, егер RAMP1 рецепторы ісік жасушаларынан алынып тасталса, олардың өсу қабілеті күрт төмендейді.

Зерттеу жетекшісі доктор Лиза Милке бұл бағыт онкологияда жаңа перспективалар ашатынын атап өтті. Болашақта ғалымдар мигреньге қарсы дәрі-дәрмектерді колоректалды қатерлі ісікті емдеу әдістерімен бірге клиникалық сынақтарда тексеруді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлем халқының 40 пайызы, яғни 3 миллиардтан астам адам түрлі неврологиялық аурулардың әсерінен өмір сүреді. Ғалымдар бұл зерттеу жүйке жүйесі мен қатерлі ісік арасындағы терең байланысты түсінуге жаңа жол ашатынын айтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Денсаулық » Нерв жүйесі асқазан-ішек қатерлі ісігінің өсуіне әсер етеді