Қан қысымын түсіруге көмектесетін 8 әдет

Қан қысымының көтерілуі көбінесе өмір салтымен де байланысты. Сондықтан төмендегі 8 ережені ұстансаңыз, ағза жеңіл сезіне бастайды.
➖ Тамақ мәзіріңізден тұзды алып тастаңыз
Тұзды азайту қан айналымын жеңілдетеді, қысым “төмендей” бастайды.
➖ Калийге бай өнімдерді тұтыныңыз
Калийге қанық тағамдар ағзаның тепе-теңдігін жақсартады.
➖ Қара шоколад тұтыныңыз
Шамамен (өлшеммен) қара шоколад әрі көңіл күйге, әрі қан тамырларға пайдалы.
➖ Спиртті ішімдік тұтынбаңыз
Алкоголь қысымды “қозғап” жіберуі мүмкін, ең дұрысы — шетке қою.
➖ Демалуды да ұмытпаңыз
Жеткілікті ұйқы және үзіліс — қысымды тұрақтандыратын маңызды тірек.
➖ Шай мен кофеден тыйылыңыз
Қою шай-кофе кейбір адамдарда қысымды көтеруі мүмкін, мөлшерді сақтаңыз.
➖ Азырақ отырыңыз, көбірек қозғалыңыз
Күні бойы отырудың орнына, күн сайын аздап жүруді әдетке айналдырыңыз.
➖ Спортпен айналысыңыз
Өзіңізге лайық спорт түрін таңдаңыз: жылдам жүру, жеңіл жаттығулар да жеткілікті.