Сарымсақ қандай ауруларда қауіп төндіруі мүмкін?

Сарымсақ халық медицинасында ең көп қолданылатын өнімдердің бірі болып табылады. Ол иммунитетті нығайтуға, қан айналымын жақсартуға және суық тиюге қарсы пайдалы қасиеттерімен танымал. Құрамындағы табиғи заттар ағзаға оң әсер етуі мүмкін.
Алайда мамандар сарымсақтың барлығына бірдей пайдалы емес екенін ескертеді. Асқазан жарасы, гастрит немесе ішек жолдарында проблемалары бар адамдарда сарымсақ ауру белгілерін күшейтуі мүмкін. Әсіресе, оны аш қарынға тұтыну асқазанның шырышты қабығына теріс әсер етеді.
Сондай-ақ, қан сұйылтатын дәрілерді қабылдайтын адамдарға сарымсақты мөлшермен тұтыну ұсынылады. Себебі ол қан айналымына әсер етіп, кейбір жағдайларда қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Қан қысымы төмен адамдарда сарымсақ әлсіздік немесе бас айналуды күшейтуі ықтимал.












Пікірлер 0
…