date

Британияда рекордтық криптовалюта тәркіленді

Британияда рекордтық криптовалюта тәркіленді
Қытай азаматы Джимин Цянь Лондонда сот шешімімен алаяқтық және заңсыз криптовалюта сақтау бойынша кінәлі деп танылды. Оның ісі әлемдегі ең ірі криптовалюта тәркілеумен байланысты, құны 5 миллиард фунттан (6,3 миллиард доллар) асады.

Цянь 2014–2017 жылдары 128 мыңнан астам адамды алдап, олардың ақшасын биткоинге айналдырып жасырған. Кейін жалған құжаттармен Ұлыбританияға қашып келіп, бұл қаражатты жылжымайтын мүлікке салып “жылыстатуға” тырысқан.

Полиция тергеуі жеті жылға созылып, халықаралық ынтымақтастықта жүргізілген. Цяньмен бірге жұмыс істеген тағы бір қытайлық әйел өткен жылы алты жылға сотталған.

Британ полициясы жалпы 61 мың биткоин тәркіледі. Билік өкілдері криптовалюталардың қылмыскерлер тарапынан заңсыз қаражатты жасыру үшін барған сайын көбірек қолданылып жатқанын атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Британияда рекордтық криптовалюта тәркіленді

Ең көп оқылғандар Экономика жаңалықтары