Қытайдың Жоғарғы соты криптовалюта мен жасанды интеллект бойынша жаңа ережелер әзірлейді

Қытайдың Жоғарғы халықтық соты (SPC) цифрлық экономикаға қатысты дауларды шешу тетіктерін нақтылау мақсатында виртуалды валюталар мен трансшекаралық қаржылық істер бойынша жаңа сот ережелерін зерттейтінін мәлімдеді. Сот өкілі Лю Гуйсянның айтуынша, жақын арада инсайдерлік сауда және нарықты манипуляциялауға байланысты азаматтық өтемақылар бойынша құқықтық түсіндірмелер әзірленеді. Бұл туралы Cointelegraph.com хабарлайды .
Сондай-ақ, сот жасанды интеллект (AI) және деректерге меншік құқығы, соның ішінде AI жасаған контент пен деректер транзакциялары бойынша сот қорғауы ережелерін зерттеуді жоспарлап отыр. Бұл бастама крипто және AI саласындағы зияткерлік меншік құқығына қатысты талап-арыздарда соттардың қалай шешім қабылдауы және жауапкершілікті белгілеуі бойынша нақты ішкі стандарттарды құруға бағытталған.
Бұл жаңалық Қытайда криптовалюта индустриясына қатысты көзқарас күрделі болып тұрған кезде жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Қытай Халық банкі (PBOC) қаржы мекемелеріне Bitcoin-ге қатысты қызметтерді көрсетуге тыйым салған болатын. Ал 2021 жылдың қыркүйегінде елде барлық крипто транзакциялар мен майнинг қызметіне толықтай тыйым салынды.
Жаңа нұсқаулықтар елде көбейіп келе жатқан крипто және AI-ға қатысты сот істерінде бірізділікті қамтамасыз етеді деп күтілуде. Бұл шаралар, әсіресе, жақында болған ірі алаяқтық істері мен АҚШ Әділет министрлігі тарапынан Чэнь Чжи ісі аясында 15 миллиард USD көлеміндегі Bitcoin тәркіленгеннен кейін өзекті бола түсуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!