date

Өзбекстан мен Ауғанстан экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басты

Өзбекстан мен Ауғанстан экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басты

Ташкентте Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахабов Ауғанстан Сауда және инвестициялар палатасы (ACCI) төрағасының орынбасары Ариан Азими бастаған делегациямен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, жеке секторлар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және өзара инвестицияларды қолдау мәселелері талқыланды.

Кездесуде бірқатар нақты бастамалар ұсынылды. Атап айтқанда, Ташкент, Кабул, Термез және Балх қалаларында әр тоқсан сайын кәсіпкерлер арасында B2B форматында кездесулер ұйымдастыру және осы арқылы іскерлік қатынастарды тұрақты жолға қою жоспарланған. Сондай-ақ, ACCI-дің Ташкенттегі өкілдігін ашу және ауған кәсіпкерлері үшін бизнес-визаларды алу процесін жеңілдету туралы келісімге қол жеткізілді.

Термез порты арқылы жүк тасымалдау үдерістерін жеделдету, кеден рәсімдерін оңтайландыру және жыл сайын Кабул мен Ташкентте (немесе Мазари-Шариф пен Термезде) бірлескен сауда көрмелерін өткізу мәселелері де талқыланды.

Тараптар бұл бастамалар екі ел арасындағы сауда көлемін арттыруға, жаңа инвестициялық жобаларды жандандыруға және жеке секторлар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге қызмет ететінін атап өтті.

Кездесу соңында Даврон Вахабов Ауғанстан делегациясының сапарын екі ел арасындағы экономикалық қатынастарда жаңа парақ ашатын маңызды қадам ретінде бағалады.

Бұл кездесу Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетіп, аймақ экономикасында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстан мен Ауғанстан экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басты