date

Өзбекстанда өсірілген томат пастасы енді Италияда сатылады

Өзбекстанда өсірілген томат пастасы енді Италияда сатылады

Өзбекстан ауыл шаруашылығы өнімдерімен Еуропа нарығында тағы бір қадам алға басты, деп хабарлады zamon.uz.

«Янгийўл – Agro Star» компаниясы «Бизнес дамытудың банкімен» бірлесе отырып, Италияға 36 тонна қызанақ қақтарын экспорттады. Бұл елдің аграрлық саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды жетістіктердің бірі ретінде атап өтілуде.

Экспорт биылғы жылдың наурыз айында Италияның «Areafredda» компаниясымен жасалған 200 тонналық келісім аясында жүзеге асырылды. Бұл келісім тек өнім жеткізуді ғана емес, сонымен қатар өндіріс процестерін Еуропа стандарттарына бейімдеуді де қамтиды.

Италиялық агрономдар қызанақ отырғызу, күтіп-баптау және кептіру процестеріне тікелей қатысып, жергілікті фермерлерге заманауи агротехникалық кеңестер беріп отырды.

Нәтижесінде 623 тонна қызанақ шикізаты өсіріліп, қайта өңдеу арқылы экспортқа жарамды өнім дайындалды. Жоба барысында 300 адам маусымдық жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Жобаның жоғары тиімділігі нәтижесінде 2026 жылы 2 мың тонна қақ экспорттау туралы жаңа келісімге қол жеткізілді.

Компания келесі жылы Қашқадария, Андижан және Сырдария облыстарында қызанақ кептіру плантацияларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл тек жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, сонымен бірге фермерлер үшін тұрақты нарық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстанда өсірілген томат пастасы енді Италияда сатылады