date

Өзбекстан Ауғанстанға электр экспортын қайта бастады


Өзбекстанның Ауғанстанға электр энергиясын жеткізуі жуырда болған жер сілкінісі салдарынан үзілген еді, толықтай қалпына келтірілді. Бұл туралы Ауғанстанның Da Afghanistan Breshna Sherkat (DABS) энергетикалық компаниясы хабарлады.

Дүйсенбі күні түнде Саманган және Балх облыстарында болған жер сілкінісі импорттық электр жеткізу желілеріне зақым келтірген. Қалпына келтіру жұмыстары қайталама жер сілкіністері, көшкіндер мен қатты желдер секілді қолайсыз жағдайлар салдарынан күрделі өтті.

Соған қарамастан, жөндеу бригадалары сейсенбі кешіне дейін барлық ақауларды жедел түрде жоюға қол жеткізді және электр энергиясын толық көлемде қайта жеткізуді қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта электр энергиясы Кабулға, сондай-ақ Бағлан, Парван, Панджшер, Каписа, Логар, Пактия, Майдан-Уардак, Ғазна, Лагман және Нангархар облыстарына қайта жеткізілуде.

Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясын жеткізуші ең ірі мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта «Сурхон – Пули-Хумри» деп аталатын 500 кВ кернеулі жаңа электр жеткізу желісінің құрылысы жүргізілуде.

Аталған жоба өзбек электр энергиясының экспортын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстан Ауғанстанға электр экспортын қайта бастады