
Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің мәліметіне сәйкес, елдің алтын-валюта резервтері тарихта алғаш рет $59 миллиардтан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы реттеушінің есебінде айтылған.
Аталған көрсеткіш бір айдың ішінде $4 миллиардтан артыққа өсті. Егер биылғы жылдың қазан айында резервтер $54,9 миллиардты құраған болса, қазіргі уақытта бұл сома $59,3 миллиардқа жеткен.
Елдің қаржылық тұрақтылығы негізінен алтын резервтеріне негізделген. Резервтердегі бағалы металдың физикалық көлемі 11,9 миллион троя унциясын құрап отырса да, әлемдік нарықта алтынның бағасының өсуі нәтижесінде оның жалпы құны $47,8 миллиардқа жетті.
Валюта резервтері жоғары өтімді активтер мен шетел валютасынан тұрып, $9,8 миллиардты құрайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар