Өзбекстанда азық-түлік өндірісі 152,1 трлн сумға жетті

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылы Өзбекстанда ірі кәсіпорындар 152,1 трлн сумға азық-түлік өнімдерін өндірген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға өскен.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары көлем Ташкент қаласында тіркелген - 27,6 трлн сум. Одан кейінгі орындарда Ташкент облысы - 21,5 трлн сум, Самарқант облысы - 19,5 трлн сум, Ферғана облысы - 11,6 трлн сум тұр.
Қалған аумақтар бойынша көрсеткіштер төмендегідей: Қарақалпақстан - 6,6 трлн сум, Әндіжан - 9,6 трлн сум, Бұхара - 11,3 трлн сум, Жызақ - 3,3 трлн сум.
Сондай-ақ, Қашқадария - 10,2 трлн сум, Науаи - 7,9 трлн сум, Наманган - 8,5 трлн сум, Сұрхандария - 3,2 трлн сум.
Сырдария облысында - 5,4 трлн сум, Хорезм облысында - 6 трлн сум азық-түлік өнімдері өндірілгені көрсетілген.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!