Чимган тауында жолдан адасқан 7 адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Шымған тауында жол таба алмай қалған азаматтарға көмек көрсетті.
Ақпаратқа қарағанда, кеше Ташкент облысы Бостандық ауданындағы "Чимён" махалласы аумағында 7 адам серуенге шығып, жолдан адасып, таудан түсе алмай қалған.
Хабар түскен бойда Чимён өрт-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар азаматтарды қауіпсіз аймаққа алып кетті.
Оқиға кезінде ешкім жарақат алмағаны айтылды.


















Пікірлер 0
…