date

Ханде Эрчелді қамауға алу туралы ордер берілді

Ханде Эрчелді қамауға алу туралы ордер берілді

Стамбұл Республика Бас прокуратурасы есірткіге қатысты іс аясында түркиялық танымал актриса Ханде Эрчелді қамауға алу туралы ордер берді. Бұл туралы 25 наурыз күні «Cumhuriyet» хабарлады.

Мәлімет бойынша, қамауға алу туралы шешім шығарылған кезде Ханде Лондонда болған. Қазіргі уақытта ол сүйіктісі Онур Гүвенатаммен бірге жағдайға түсініктеме беру үшін Түркияға қайтып келе жатыр. Актриса Instagram парақшасында берген алғашқы мәлімдемесінде оқу себепті шетелде болғанын айтты.

«Оқу себебімен шамамен бір айдан бері шетелдемін. Кеше кешке сіздер сияқты мен де бұл жағдайды БАҚ арқылы білдім. Жағдайды нақтылау үшін қайтып барып, қажетті түсініктемелер беремін. Мен өз елін сүйетін, мемлекет пен Түркияның сот жүйесіне сенетін адаммын. Жақын уақытта жағдай анықталады деп сенемін», – деді ол.

Стамбұлда жүргізіліп жатқан тергеу аясында 16 адамға қатысты осындай шешім қабылданған. Қазіргі уақытта олардың 14-і ұсталған. Бұл шешім бизнес және қоғамның танымал өкілдеріне де қатысты. Олардың қатарында Хакан Сабанжы және оның ағасы Керим Сабанжы, сондай-ақ «Галатасарай» клубының бұрынғы басшысы Бурак Элмас, «Бешикташтың» бұрынғы президенті Фикрет Орман, бұрынғы модель Гүзиде Дуран және модель Дидем Сойдан бар.

Ханде Эрчел мен Хакан Сабанжы арасындағы үш жылдық қарым-қатынас 2025 жылдың тамыз айында аяқталғаны атап өтілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Ханде Эрчелді қамауға алу туралы ордер берілді