BTS негізін қалаушы қамау қаупінде: 100 млн долларлық дау

Оңтүстік Кореяда танымал K-pop тобы BTS-ке қатысты үлкен дау өршіп тұр. Ел үкіметі топтың негізін қалаушысы және продюсері Пан Си Хёкті инвесторлармен байланысты ықтимал қаржылық алаяқтықта айыптап отыр. Бұл туралы халықаралық Reuters агенттігі хабарлады.
Құқық қорғау органдары кәсіпкерді қамауға алу үшін ресми ордер сұрап отыр. Айыптар Пан Си Хёк басқарған HYBE музыкалық компаниясының қызметіне байланысты болып, дәл осы лейбл арқылы BTS әлемдік деңгейде танымалдыққа ие болған.
Тергеу деректері бойынша, 2019 жылы Пан Си Хёк инвесторларға компания биржаға шықпайтынын айтып, оларды алдаған. Нәтижесінде кейбір инвесторлар өз акцияларын арнайы инвестициялық қорға сатқан. Алайда, көп ұзамай компания бәрібір IPO өткізіп, акциялар бағасы күрт өскен.
Құқық қорғау органдарының пікірінше, бұл схема алдын ала келісілген болып, қор жоғары бағамен акцияларды сатып алып, үлкен табыс тапқан. Бұл процестен Пан Си Хёк те пайда көргені және шамамен 30 пайыз пайда — шамамен 200 миллиард вон (136 миллион доллар) алғаны айтылуда.
Продюсердің қорғаушылар тобы барлық айыптарды жоққа шығаруда. Олар Associated Press агенттігіне берген мәлімдемесінде Пан Си Хёктің тергеумен ұзақ уақыттан бері ынтымақтасып келе жатқанын, бірақ соған қарамастан оны қамауға алу әрекеттеріне наразы екендерін білдірді. Сонымен қатар, олар заңды процестерге қатысуды және өз позицияларын қорғауды жалғастыратындарын атап өтті.
Август айынан бері Пан Си Хёкке елден шығуға тыйым салынғаны атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, ол 2005 жылы Big Hit Entertainment музыкалық компаниясына негізін қалаған. Бірнеше жылдан кейін, 2013 жылы дәл осы лейбл аясында BTS тобы құрылып, қысқа мерзімде әлемдік сахнада үлкен жетістікке жеткен.