BTS тобын көру үшін Мехикода 50 мыңнан астам жанкүйер жиналды

Оңтүстік кореялық танымал BTS тобының мүшелері Мексика Ұлттық сарайында ел президенті Клаудия Шейнбауммен кездесті. Ресми қабылдау барысында топ мүшелеріне «Құрметті қонақ» мәртебесі берілгені хабарланды.
Кездесуден кейін әртістер сарай балконына шығып, оларды күтіп тұрған жанкүйерлеріне көрінді. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда мыңдаған жанкүйердің топты қошеметтеп жатқаны бейнеленген.
Сапар туралы ресми хабарлама небәрі 5 сағат бұрын берілгеніне қарамастан, Мехико қаласының орталығындағы «Сокало» алаңына 50 мыңнан астам жанкүйер жиналғаны атап өтілді.

Бұл сапар BTS-тің «ARIRANG» атты әлемдік туры аясында жүзеге асырылуда. Топ 7, 9 және 10 мамыр күндері Мехикодағы «Estadio GNP Seguros» стадионында ірі концерттік бағдарламаларын ұсынады.
Мәліметтерге сәйкес, бұл концерттер Мексика экономикасына 100 миллион доллардан астам табыс әкеледі деп күтілуде.
Сондай-ақ, 136 мың билеттің бірнеше минут ішінде сатылып кетуі үлкен қызығушылықтың белгісі болып табылады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!