date

Зерттеу: Ерлер әйелдерге қарағанда жылдамырақ қартайғаны дәлелденді

Зерттеу: Ерлер әйелдерге қарағанда жылдамырақ қартайғаны дәлелденді

Жақында жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижесіне сәйкес, ер адамдардың миы жас ұлғайған сайын әйелдерге қарағанда тезірек кішірейіп, көптеген аймақтарда көлемін жоғалтады. Бұл туралы Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жағдай ер адамдардың қартаю процесі әйелдерге қарағанда тезірек жүретінін және өмір сүру ұзақтығының қысқалығын білдіреді. Бұл, әрине, жалпы денсаулық, өмір салты және тұқым қуалаушылық факторларымен байланысты.

Сонымен қатар, әйелдерде Альцгеймер ауруы ерлерге қарағанда екі есе жиі анықталады. Бұрын бұл кәріліктің табиғи әсерімен түсіндірілсе, жаңа зерттеу бұл пікірді жоққа шығарып, аурудың ми құрылымы мен гормондық ерекшеліктерге көбірек байланысты екенін көрсетті.

Зерттеу барысында 4 726 адамның 12 500-ден астам МРТ бейнелері талданды. Әр қатысушы кем дегенде екі рет, орта есеппен үш жыл аралығында тексерілген.

Нәтижесінде, ерлерде қозғалысты, ауырсынуды және температураны өңдеуге жауап беретін постцентралды қыртыс аймағында ми көлемі жылына орта есеппен 2%, ал әйелдерде 1,2% азайған.

Ғалымдар бұл айырмашылық мидың пластикалығы, стресс және хромосомалық ерекшеліктермен байланысты болуы мүмкін дейді. Әйелдерде гормоналды қорғаныс тетіктері бұл үдерісті баяулатып, миды қартайуға төзімді етеді.

Қорытынды: адамның миы жасына қарай табиғи түрде өзгереді, бірақ бұл өзгерістің жылдамдығы өмір салтына тікелей байланысты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Пайдалы » Зерттеу: Ерлер әйелдерге қарағанда жылдамырақ қартайғаны дәлелденді