date

Күн сайын жаяу жүру - салауатты өмірдің кілті

Күн сайын жаяу жүру - салауатты өмірдің кілті

Заманауи өмірдің қарқыны адамдарды қимылсыз өмірге үйретті. Күні бойы компьютер немесе телефон алдында отыру, түнде теледидар алдында уақыт өткізу - бүгінгі күннің қалыпты жағдайына айналды. Бірақ бұл әдет адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Аз қозғалудың салдарынан көпшілік артық салмақтан, қан айналымының бұзылуынан, сүйек-бұлшықет жүйесі мен жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шегеді. Мамандар мұны болдырмаудың ең қарапайым, арзан және тиімді жолы ретінде жаяу жүруді ұсынады.

Күздің сергек және жағымды ауасында жаяу серуендеу денеге ғана емес, психикаға да оң әсер етеді. Адам өзін жеңіл, сергек және тыныш сезінеді. Жүру кезінде дененің барлық бұлшықеттері жұмыс істейді, қан айналымы белсендіріледі, ішкі органдардың қызметі дамиды.

Таңертең жұмысқа кетерде 30-40 минут жаяу жүру күнді сергек бастауға көмектеседі. Жұмыстан кейін жолдың бір бөлігін жаяу жүріп өту шаршауды жеңілдетеді және жүйке жүйесін тыныштандырады.

Мамандардың айтуынша: күніне төрт рет 10 минуттан жүру қан қысымын қалыпқа келтіреді, ал күніне 15 минут жылдам қадаммен жүру 100 ккал жұмсауға мүмкіндік береді. Бұл - арықтаудың ең табиғи және ыңғайлы тәсілі.

Жаяу жүру иммунитетті нығайтады, суық тиюден және стресстен қорғайды. Сондай-ақ жүрек жұмысын жақсартады, қан қысымын төмендетеді және жүйке жүйесін тұрақтандырады.

Сондықтан салауатты өмір сүру үшін жаттығу залы немесе нұсқаулық қажет емес. Күнделікті бір сағат жаяу серуендеудің өзі тәндегі шаршауды жеңеді, сананы тазартады және өмірге жаңа күш береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Пайдалы » Күн сайын жаяу жүру - салауатты өмірдің кілті