date

Стоматолог тістерді сарғайтатын өнімдердің тізімін жасады

Стоматолог тістерді сарғайтатын өнімдердің тізімін жасады

Британдық тіс дәрігері Ханна Кинселла тіс эмаліне ең көп әсер ететін тағамдарды атады, деп жазады Daily Mail.

Маманның айтуынша, қызанақ, жидектер (таңқурай, қарақат) және әртүрлі жеміс шырындары құрамында қышқыл мөлшері жоғары. Бұл қышқылдар тіс эмалін бүлдіріп, уақыт өте келе ұсақ жарықтар тудырады, соның салдарынан тістердің түсі сары немесе қоңыр реңкке өзгереді.

Кинселланың сөзінше, қызанақ құрамында антоциан мен танин пигменттері көп, олар тіс эмаліне тез жабысып, түсін өзгертеді. Сонымен қатар, танинге бай шай мен кофе де тістерде дақ қалдырады.

«Шай мен кофеден толықтай бас тарту қиын, бірақ оларға сүт қосу тіс эмаліне әсерін азайтады», — деді маман.

Тіс дәрігері апельсин және анар шырындарын да сирек ішуге кеңес берді. Оның айтуынша, қышқыл мен бояғыш көп тағамдар тіс денсаулығына айтарлықтай әсер етеді.

Кинселланың пікірінше, сау әрі ақ тістердің басты қағидасы — бәрінде өлшем білу және әр тамақтан кейін тісті тазалауды ұмытпау.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Пайдалы » Стоматолог тістерді сарғайтатын өнімдердің тізімін жасады