date

Кофе қартаюды баяулатып, қатерлі ісікке қарсы әсер ететіні анықталды

Кофе қартаюды баяулатып, қатерлі ісікке қарсы әсер ететіні анықталды

Кофе қартаю процесін баяулатып, қатерлі ісікке қарсы әсер етуі мүмкін — ғалымдар жасушаларды «жасартыру» механизмін дәл кофе дәндерінің құрамынан тапты. Бұл бағытта Texas A&M University ғалымдары жүргізген ғылыми зерттеу нәтижелері жарияланды.

Зерттеушілер кофе құрамындағы заттар адам ағзасындағы NR4A1 деп аталатын арнайы рецептор-ақуызды белсендіретінін анықтады. Бұл ақуыз жасушаларды стресс әсерінен қорғау, қабыну процестерін азайту және зақымданған тіндерді қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады.

Мәлім етілгендей, кофе құрамындағы негізгі әсер етуші фактор кофеин емес, полифенолдар, соның ішінде хлороген қышқылдары болып табылады. Бұл заттар NR4A1-мен байланысып, жасушалардағы қартаю процесін баяулатуға қызмет етеді.

Зертханалық жағдайда өткізілген тәжірибелер кофе сығындылары дәл осы ақуыз арқылы қатерлі ісік жасушаларының өсуін баяулату мүмкіндігіне ие екенін көрсетті.

Басқа ғылыми ізденістерде күніне 3–4 кесе кофе ішу биологиялық қартаю процесін 5 жылға дейін баяулатуы мүмкін екені атап өтілген.

Соңғы зерттеу нәтижелеріне сәйкес, кофе адамды сергітетін сусын ғана емес, сонымен қатар жасуша деңгейінде қалпына келу процестерін белсендіретін тиімді құрал ретінде де мойындалуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Пайдалы » Кофе қартаюды баяулатып, қатерлі ісікке қарсы әсер ететіні анықталды