date

Стрессті небәрі 5 минутта жеңуге бола ма? Ғалымдар жауап берді

Стрессті небәрі 5 минутта жеңуге бола ма? Ғалымдар жауап берді

Заманауи зерттеулер ежелгі тыныс алу жаттығуларының адам денсаулығына пайдалы екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Ғалымдардың пікірінше, күніне бірнеше минут жасалатын тыныс алу жаттығулары стрессті азайтып, жүйке жүйесін тыныштандыруы мүмкін. Бұл туралы BBC хабарлады.

Мамандар көптеген адамдардың тез және үстірт тыныс алатынын, бұл стресс жағдайын күшейтетінін айтады. Ал баяу және терең тыныс алу жүйке жүйесін теңестіріп, ағзаны тыныштық күйге келтіреді.

Ғалымдар тыныс алу жаттығулары кортизол — стресс гормонының деңгейін төмендетіп, ұйқы сапасын жақсартатынын және эмоционалды тепе-теңдікті нығайтатынын атап өтті.

Мамандар ұсынған ең тиімді тыныс алу жаттығулары:

Циклдік күрсіну — мұрын арқылы екі рет тыныс алып, ауыз арқылы баяу шығару. Бұл әдіс жүйке жүйесін тез тыныштандырады.

Қорапша түріндегі тыныс алу — тыныс алу, ұстап тұру және шығару бірдей уақытта орындалады. Ол зейінді шоғырландыруға және стрессті басқаруға көмектеседі.

4-7-8 әдісі — 4 секунд тыныс алу, 7 секунд ұстап тұру және 8 секунд шығарудан тұрады. Бұл жаттығу ұйқыны жақсартуда тиімді.

Үйлесімді тыныс алу — тыныс алу мен шығаруды бір ырғақта орындау жүрек соғысын тұрақтандырады және эмоционалды тепе-теңдікті күшейтеді.

A52 әдісі — 5 секунд тыныс алу, 5 секунд шығару және 2 секунд үзіліс жасауға негізделген. Бұл жаттығу ағзаны босаңсытуға пайдалы.

Ғалымдардың пікірінше, тыныс алу жаттығуларының ең маңыздысы — оларды жүйелі түрде орындау. Күніне небәрі 3–5 минут бөлу стрессті азайтуға және жалпы денсаулықты жақсартуға көмектеседі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Пайдалы » Стрессті небәрі 5 минутта жеңуге бола ма? Ғалымдар жауап берді