date

Самарқантта жаяу жүргіншілерді қағып кеткен жүргізуші 7 жылға сотталды

Самарқантта жаяу жүргіншілерді қағып кеткен жүргізуші 7 жылға сотталды

Самарқант қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 28 жастағы азамат сот үкімімен бас бостандығынан айырылды.

Хабарланғандай, ағымдағы жылдың 11 апрель күні сағат 20:00 шамасында 1997 жылы туған жүргізуші өз басқаруындағы Lacetti автокөлігімен Самарқанттың "Нұрлы жол" махалласы аумағынан өтетін Рудаки көшесінде келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өтіп бара жатқан бірнеше адамды қағып кеткен.

Салдарынан көптеген жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің барлық әрекеттеріне қарамастан, зардап шеккендердің бірі көз жұмды.

Қылмыстық істер бойынша Самарқант қалалық сотында өткен ашық талқылауда жүргізушінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 266-бабы 2-бөлігі (көлік құралдары қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша бағаланды. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырумен қатар, қосымша 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Самарқантта жаяу жүргіншілерді қағып кеткен жүргізуші 7 жылға сотталды