date

Ангренде психотроптық заттардың саудасы әшкереленді

Ангренде психотроптық заттардың саудасы әшкереленді

Ангрен қаласында күшті әсер ететін және психотроптық заттар саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Бас прокуратураға қарасты Департаменттің Ангрен қаласы бөлімінің, МҚҚ және ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп өткізген жедел шарада, Ф.Ю. есімді азамат Х.М.ға "Зардекс" атты 10 дана күшті әсер ететін дәрі-дәрмекті 1 миллион сумға сатқан кезде заттай айғақтармен ұсталды.

Іс-шаралар барысында Ф.Ю.-ға дәрі-дәрмектерді жеткізуші Ш.Н., С.Н., Ф.Ё. және М.Н. сияқты серіктестер де ұсталды. Олардан 49 дана "Зардекс," 2 дана полиэтиленге оралған "гашиш" және "марихуана" заттары заттай айғақ ретінде алынған.

Жоғарыда аталған жағдайлар бойынша Қылмыстық кодекстің 251-1-бабы және 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс тергеуге жіберілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ангренде психотроптық заттардың саудасы әшкереленді